"Махаббат" жүктеу операциясы

Бір қарт кісі компьютер дүкеніне кіріп, қызметкер жігітке былай дейді: 

- Шырағым, техникадан хабарым жоқ еді. Компөтердің заманы болып кетті. Сол компөтерлеріңе «махаббат» деген сезімді орнату үшін не істеуім керек, соны айтшы. Ана үйдегі немерелер қай-қайдағы соғыс-поғыстан гөрі соны ойнасын да! - дейді.
- Жарайды, ата. Оны енгізуге болады. Алдымен «ЖҮРЕГІМ» деген файлды ашасыз. Аштыңыз ба?
- Аштым. Ойбуй, мына жерде топырлаған жазу шығып кетті ғой: «Өткен өкініштер. ехе», «бұрынғы қателіктер.сом», «көре алмау. кз», «намыссыздық.ру», «демократия.ен.», «әдепсіздік.ар»... Тағы немене? Мына жерің толып кетті ғой. Солардың қасына «махаббат» сезімі орнай бере ме?
- Оларға көңіл бөлмеңіз, ата. «Махаббат» орнаған кезде олардың бәрін «форматтап» тастайды. Тек одан кейін «вирус» кіргізіп алмай таза ұстасаңыз болды. Әсіресе, «зина.сом» деген троянский вирус бар. Сол кірсе жаман болады. «Жүректің» ішін ірітіп-шірітіп бітіреді.
- Ааа, онысы жақсы екен ғой. Әлгі аты жамандардың бәрі қырылып қала ма сонда? Атын не дедің, «порматтау» дейсің бе? Дұрыс онда бәрін «порматтап» тастайық.
- Ата, «форматтауын» форматтаймыз. Бірақ қазір оларды өлген жерінен «қайтып тірілтіп алатын» «ава.файнд» деген секілді небір программалар да шығып кеткен. Сол үшін, лажы болса, «жүрек» деген файлға бейтаныс, бөтен кісілерді жолатпаңыз. Қазір небір «хаккерлер» шыққан. Үйінде отырып, сіздің «жүрегіңізге» ұрлыққа түседі. Солардан сақ болыңыз.
- Ой, рахмет, айналайын. Айтып қойғаның дұрыс болды. Ай, балам, мына жерде тағы бір жазу шықты ғой. «Алланың бар және жалғыз екенін, Мұхаммед оның елшісі екенін қабыл етесіз бе?» дейді. Әрине, қабыл етемін. Ол үшін не істейміз?
- Ата, ол жай сұрақ қой. Мән бермей-ақ қойыңыз. «Әрі қарай » (далее) дегенді баса салыңыз. Жүктеліп кете береді.
- Ойбай-ай, қалай жай нәрсе. Жай нәрсе емес. Ол өте маңызды нәрсе. Басқа болмаса болмасын, осы сөзді жақсылап кіргіз, балам.
- Ата, ол «жүрекке» бұрыннан орнатылып қойған. Зауыттан солай шыққан.
- Балам-ай, мына жерде тағы бір нәрселер сұрап жатыр ғой, не істейін?
- Ата, маған беріңізші, өзім орнатып бере салайын.
- Мә, ала ғой Қызметші бала компьютерге өзі отырады. Экрандағы жазулар былай деп жалғаса берді.
- Кешірімді боласыз ба?
- Иә.
- Қит етсе, ашу шақырасыз ба?
- Жоқ.
- Бес уақыт намаз оқуға көзқарасыңыз қандай?
- Қабылдаймын.
- Ата-анаға, жетім-жесірлерге, ғаріп-міскіндерге, ағайын-туытарға, алыс-жақын көршілерге, жолда қалғандарға жақсылық жасайсыз ба?
- Жоқ.
- «Операция тоқтатылады. «Кейін қарай» деген түймені басыңыз. Алдыңғы шартты тағы ойланыңыз» - «Кері қарай». «Иә, қабылдаймын».
- Өзіңізден бұрын өзгеге жақсылық ойлай аласыз ба?
- Иә.
- Мейірім, жылылық, өзара түсіністік деген сезімдерді жүктейін бе?
- Иә.
- Өтірік, өсек, мақтаншақтық, тәкаппарлық сезімдерін «жүректен» алып тастайын ба?
- Иә.
- «ҚҰТТЫҚТАЙМЫН. СІЗДІҢ КОМПЬЮТЕРГЕ «МАХАББАТ» СЕЗІМІ СӘТТІ ОРНАТЫЛДЫ. КОМПАНИЯ СІЗДЕРГЕ БАЯНДЫ МАХАББАТ ТІЛЕЙДІ».
- Ата, болды. Сәтті орнатылды. «За установку» сізден 5000 теңге.
- Рахмет, балам. Берем, ақшаңды берем. Немерелерімінен аяғанды ит жесін. Бір қуанып қалатын болды ғой. Жақсы, балам. Сау бол.

Асылбек ӘуезханұлыАсылбек Әуезханұлы
9 лет назад 4444
3 комментария
О блоге
Прямой эфир