ҚҰРМЕТТІ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР!
Қосағыңызбен қоса ағарып, екі дүниеде бақытты болғыңыз келсе мына мындеттерді толық атқарыңыз. Алла Тағала оларды ерлі-зайыптыларға бекер жүктемеген:
ЕР КІСІНІҢ ӘЙЕЛІНЕ ҚАТЫСТЫ МЫНАДАЙ МІНДЕТТЕРІ БАР:
1. Ішетін, жейтін халал аспен, киіммен, баспанамен қамтамасыз ету;
2. Өмірлік жарына иман, намаз, көркем мінез секілді шариғат талаптарын үйрету;
3. Неке қиыларда қалыңдық талабы бойынша мәһір беру;
4. Әйелімен сыпайы, әрі көркем мәмледе болу;
5. Әйелін құрметтеу, қадірін білу және жақсылық жасау;
6. Зайыбының төсек құмарын қанағаттандыру;
7. Әйелінің ой-пікірлеріне құрметпен, ал кемшіліктеріне түсіністікпен, кеңдікпен қарау;
8. Үй ішіне қатысты істерде ақылдасып отыру.
ӘЙЕЛДІҢ КҮЙЕУІНЕ ҚАТЫСТЫ АТҚАРУҒА ТИІС МІНДЕТТЕРІ:
1. Күйеуіне шын ықыласпен бағыну;
2. Ар-намысы мен күйеуінің мал-мүлкін қорғау;
3. Өмірлік жолдасының қалауларына құрметпен қарау;
4. Күйенің көңілін аулап, бала-шағасын ізгілікке баулу;
5. Күйеуінің ата-анасы мен туған-туыстарына құрмет көрсету;
6. Үйден шығарда күйеуінің рұқсатын алу;
7. Күйеуінің отбасына қатысты істеріне разылықпен қарау;
8. Күйеунің шамасы жетпейтін немесе қажетсіз нәрсені талап етпей, барға қанағат ету;
9. Күйеуінің көңілін көтеру үшін сәндену.
ЕРКЕК ПЕН ӘЙЕЛГЕ ОРТАҚ МІНДЕТТЕР:
1. Отбасында жағымды жағдай орнап, жамандықтардың болмауына әрекет ету;
2. Алланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтанып, тақуа отбасын құруға тырысу;
3. Бір-бірінің ата-анасын қастерлеп, туыстарын қадірлеу;
4. Өз жауапкершіліктері мен бала тәрбиесіне қатысты мәселелерде ақылдасып отыру;
5. Жанұялық құпия сырларды сыртқа жаймау;
6. Бір-бірінің төсек құмарлықтарын қанағаттандыру;
7. Бір-біріне жағу үшін сәндену, әдемілену, иіс май себіну.