Жұмаққа кіріңіздер, аналар!
Бір күні Пайғамбарымызға бір ана келді. Қасында әлі емшектен шықпаған екі баласы бар екен. Келді де, Пайғамбарымыздан тіске басар бір нәрсе сұрады. Алла елшісі (с.ғ.с.) оларға үш құрма берді. Әйел құрманың екеуін екі баласына үлестіріп берді. Сол-ақ екен, бір баласы жылай бастады. Сонда әйел үшінші құрманы да ортасынан бөліп, екі сәбиіне үсынды. Ана жарықтықтың бұл қылығына сүйсінген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деді: «Әйелдер жүкті болады. Әйелдер босанады. Әйелдер емізеді. Балаларына мейірім көрсетеді. Ал енді осыдан кейін күйеулерінің қадірін білмейтіндігі болмағанда, олардың намаз...