Мына істерді атқарсаңыз бақытты боласыз!
Мына істерді атқарсаңыз бақытты боласыз!

ҚҰРМЕТТІ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР!

Қосағыңызбен қоса ағарып, екі дүниеде бақытты болғыңыз келсе мына мындеттерді толық атқарыңыз. Алла Тағала оларды ерлі-зайыптыларға бекер жүктемеген:

ЕР КІСІНІҢ ӘЙЕЛІНЕ ҚАТЫСТЫ МЫНАДАЙ МІНДЕТТЕРІ БАР:

1. Ішетін, жейтін халал аспен, киіммен, баспанамен қамтамасыз ету; 
2. Өмірлік жарына иман, намаз, көркем мінез секілді шариғат талаптарын үйрету; 
3. Неке қиыларда қалыңдық талабы бойынша мәһір беру; 
4. Әйелімен сыпайы, әрі көркем мәмледе болу; 
5. Әйелін құрметтеу, қадірін білу және жақсылық жасау; 
6. Зайыбының төсек құмарын қанағаттандыру; 
7. Әйелінің ой-пікірлеріне құрметпен, ал кемшіліктеріне түсіністікпен, кеңдікпен қарау; 
8. Үй ішіне қатысты істерде ақылдасып отыру.

ӘЙЕЛДІҢ КҮЙЕУІНЕ ҚАТЫСТЫ АТҚАРУҒА ТИІС МІНДЕТТЕРІ:

1. Күйеуіне шын ықыласпен бағыну; 
2. Ар-намысы мен күйеуінің мал-мүлкін қорғау; 
3. Өмірлік жолдасының қалауларына құрметпен қарау; 
4. Күйенің көңілін аулап, бала-шағасын ізгілікке баулу; 
5. Күйеуінің ата-анасы мен туған-туыстарына құрмет көрсету; 
6. Үйден шығарда күйеуінің рұқсатын алу; 
7. Күйеуінің отбасына қатысты істеріне разылықпен қарау; 
8. Күйеунің шамасы жетпейтін немесе қажетсіз нәрсені талап етпей, барға қанағат ету; 
9. Күйеуінің көңілін көтеру үшін сәндену.

ЕРКЕК ПЕН ӘЙЕЛГЕ ОРТАҚ МІНДЕТТЕР:

1. Отбасында жағымды жағдай орнап, жамандықтардың болмауына әрекет ету; 
2. Алланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтанып, тақуа отбасын құруға тырысу; 
3. Бір-бірінің ата-анасын қастерлеп, туыстарын қадірлеу; 
4. Өз жауапкершіліктері мен бала тәрбиесіне қатысты мәселелерде ақылдасып отыру; 
5. Жанұялық құпия сырларды сыртқа жаймау; 
6. Бір-бірінің төсек құмарлықтарын қанағаттандыру; 
7. Бір-біріне жағу үшін сәндену, әдемілену, иіс май себіну.

Асылбек ӘуезханұлыАсылбек Әуезханұлы
2 года назад 1022
5 комментариев
  • Шынында да әр бір ерлі-зайыпты кісілер білуі және жүзеге асыруы тиіс міндеттер!
    2 года назад
  • Рахмет. Арнайы басып шығарып алмасам
    2 года назад
  • Аллах разы болсын, ұстаз! Шындығында ер мен әйел бір-біріндегі ақысын, міндеттерін біліп, соған амал етсе қоғамдағы бүліктің саны азаятыны анық. иншаАллах!
    2 года назад
  • Өте жақсы міндеттер жүктепті Алла тағала. Осы міндетті барша адам баласы ұстанса, жер бетінде ажырасу деген болмас еді ау...
    2 года назад
  • Алла разы болсын, қысқа да нұсқа. Ең бастысы Алланың разылығы үшін орындалса, керемет болар еді.
    2 года назад
О блоге