Өмірімізді берекелі ететін ғажап бір дұға

Ардақты Пайғамбарымыздың хадистерінен алынған мынадай бір дұға бар. Осы дұғаны қаншалықты көп жасасақ, өміріміз де соншалықты берекелі болмақ:

«Уа, Алла Тағалам, мал-мүлкім мен бала-шағамды көп ете гөр! Бергеніңнің берекесін қоса бер. Сондай-ақ Өзіңе деген құлшылықпен өтетін ғұмырымды ұзақ ете гөр! Жасаған істерімді көркем ет және мені кешіргейсің!»

Енді осы дұғаның астарына шама-шарқымызша үңіліп көрейік.

Біріншіден, Исламда мал-мүлік пен бала-шағаның көп болғаны жақсы. Бірақ берекесі болса ғана. Берекесі жоқ мал-жаннан қайыр да келмесі хақ.

Екіншіден, адам өмірі ұзақ болғаны жақсы. Бірақ құлшылықпен өтсе. Алланы танымай, діннен мақұрым күйде өткен ұзақ өмірдің пайдасынан гөрі зияны басым.

Үшіншіден, мұсылман адамның әр ісі көркем, тиянақты және ұқыпты болғаны жөн. Ұсқынсыз, жиіркенішті істер мұсылман деген атымызға жараспайды.

Төртіншіден, пенде болған соң қанша жерден жақсы болуға тырыссақ та, сөзімізден немесе ісімізден жаңылуымыз әбден ықтимал. Сондай қателі, күнәлі істерімзден әрдайым Алладан кешірім тілеп, тәубе етіп жүргеніміз абзал.

Асылбек ӘуезханұлыАсылбек Әуезханұлы
2 жыл бұрын 673
2 пікір
Блог туралы